Алматыда Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдың құрметіне орнатылған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Бұл тарихи маңызды шешім – бүгін аса көрнекті театр ұйымдастырушысына және сыншысына, қазақ өнерінің шынайы жанкүйеріне ескерткіш тақта орнатылады. Әшірбек ағаның шығармашылық өмірі біздің сүйікті қаламызбен тығыз байланысты. Оның есімі, мұрасы халқымыздың жадында, шәкірттерінің есінде мәңгі қалады», – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Театр сыншысын еске алуға танымал өнер қайраткерлері, оның ішінде, жазушылар мен артистер- Асанәлі Әшімов, Дулат Исабеков, Ұлықбек Есдәулет, Медетбек Темірхан, Нұрлан Оразалин, Есмұхан Обаев, Елубай Смағұл, Қали Сәрсенбай, Хафиз Есімов, Бақыт Бөкебай, Еркін Жуасбек, Талғат Есеналиев және басқалары келді.

Мемориалдық тақта белгілі театр сыншысы 1980-1999 жылдар аралығында 20 жылға жуық тұрған Жібек Жолы даңғылы, 12А (С. Мәуленов көшесінің қиылысы) мекенжайындағы үйдің қабырғасына орнатылды.

Әшірбек Сығай Қазақстанның сахна өнерінің дамуына елеулі үлес қосты, қазақ театртану ғылымының негізін салушылардың бірі, «Іңкәр шақ» (1978), «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Сахна саңлақтары» (1998), «Театр тағылымы» (2003), «Ән - тағдыр», «Таңғажайып театр» тағы басқа шығармалардың авторы. Оның еңбектері өнер және театр теориясы саласындағы оқулықтарға айналды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы