Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды

Сурет: pixabay
Осы қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам оның кішкентай қызының құлағындағы сырғасын шешіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада қаскөйдің баланың құлағынан сырғасын қалай алып жатқаны көрсетілген. Ең алдымен, белгілер бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері сол күні 49 жастағы К.есімді қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басы бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды