Қызын аюға лақтырып жіберген әйелде психикалық ауытқу бар

Сурет: Zakon.kz
Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше, әйел жүре пайда болған психикалық дертке шалдыққан. Тергеу органдары әйелге қатысты «медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын» қолдану туралы шешім шығару үшін істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдың қаңтар айында әйел 3 жасар қызын аю вольерына лақтырып жіберген. Абырой болғанда жануар балаға тиіспеді, бірақ қыз бес метрге жуық биіктіктен құлап зардап шекті. Құлаған соң балаға ашық бассүйек-ми жарақаты және ми шайқалу диагнозы қойылды. Қаңтар айының соңында ол ауруханадан шығып, туыстарының қарауына берілді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, прокуратура ананың үстінен «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған, онда кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Белгілі болғандай, әйел жүйке-психикалық диспансерде 2021 жылдың шілде айынан бері есепте тұрады.

Өзбекстанның бас прокуратурасы кешенді сот-психиатриялық-психологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің жүре пайда болған психикалық ауытқушылықпен ауыратынын атап өтті. Бұл оның психикалық жағдайына байланысты тергеуде де, сотта да дұрыс айғақтар бере алмағанын көрсетеді.

Кейін Ташкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып жұмыс істейтін қыздың анасы Ресейге кеткен күйеуінің кесірінен күйзеліске түскені белгілі болды. Әйел мен оның екі баласына бірнеше рет әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу органдары әйелге қатысты «медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын» қолдану мәселесін шешу үшін істі сотқа жіберуді ұйғарды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды