Zolgensma атты дәрінің құны бір миллиард теңге. Дәрігерлер бәрі сәтті өткенін айтады. Нәрестенің жағдайы қалыпты, деп жазады qazaqstan.tv
8-сәуірге дейін тағы 3 балаға осы дәрі салынбақ. Күрделі ем-дом «Ана мен бала» орталығында жасалды.
Қымбат дәрі-дәрмекті сатып алу және осы саладағы мамандарды оқыту жұмысы «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен жүзеге асты.
Zolgensma деген дәріні негізі шетелде салады екен. Бүгінгі таңда біздің Қазақстанда, өз елімізде салынып жатыр. Бір тарихи және ғылыми жаңалықтың қолданушысы болып отырмыз. Бақсиық Сатығалиев, науқас баланың әкесі
Қор жұмысына байланысты бүгін Премьер-министрдің орынбасары да пікір білдірді. Ералы Тоғжанов көмек ала алмай жүрген науқастар болса, өзінің атына өтініш жазуға болатындығын айтты. Әр мәселе жеке-жеке қаралатынын айтты.