ҚР ЦДИАӨМ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындады

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министр Бағдат Мусинге тиімсіз пайдаланылып жатқан радиожиіліктерді босатып, оны бөлудің ашық механизмін енгізуге тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Радиожиілік спектрі (әрі қарай – РЖС) – шектеулі ресурс, егер радиожиілік бір жыл бойы тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылса, ЦДИАӨМ өкілетті мекеме ретінде РЖС-ға берілген рұқсатты алып қоюға құқылы. Босатылған радиожиілік ресурс халыққа сапалы байланыс қызмет көрсетуге жұмсалу үшін басқа технологияларға немесе басқа операторларға беріледі.

2021 жылы соттың шешімімен радиожиілікті пайдалануға берілген 8 рұқсат кері қайтарылды. Бұл рұқсаттар 2016 жылы алынған болатын, алайда 6 жыл бойы тиімсіз пайдаланылған.

Қазіргі заңнамаға сәйкес WLL (сымсыз абоненттік қолжетімділік) байланыс түріне рұқсат елді-мекенге ресімделеді. Қала аумағын толықтай сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін желіні бірнеше базалық стансамен құру қажет, алайда құрылыстардың тығыздығы бұған кедергі боп тұр, оның үстіне желіні бұлайша салу операторларға коммерциялық тұрғыда тиімсіз болуы мүмкін.

Кейбір ірі байланыс операторлары жиіліктерді болашақта пайдалану үшін резервке қояды, яғни әзірше пайдаланбайды немесе бір-екі базалық стансаларда ғана пайдаланып, желіні әрі қарай дамытпайды. Мұндай жағдайда басқалардың байланыс қызметін ұсыну мүмкіндігі шектеледі.

Қазіргі уақытта ірі қалаларда WLL байланыс желісінде РЖМ-ті тиімсіз пайдалану жағдайы белең алып, радиожиілік ресурсы шектелгендіктен, озық технологиялардың даму үрдісі тоқырап тұр.

Бұл ретте, айта кету керек, WLL технологияларына арналған жиілік диапазондарында жаңа технологиялар, соның ішінде 5G желісі де қарқынды түрде дамып жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: