Тоқаев ТМД елдеріндегі азаматтардың жеке деректерімен алмасу туралы заңға қол қойды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімді ратификациялау мынандай мүмкіндік береді:

Сонымен қатар, келісім басқа елде алынған жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған жағдайда тұлғаның жеке басын растау үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді және адамның шетелде тұрғылықты жерін анықтауға көмектеседі.

Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер заң көмегін көрсету бөлігі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Уәкілетті органдардың осы ақпаратты сұратуы сұрау салу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте жауаптарды беру мерзімі оларды алған күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.

Келісім құпиялылық талаптары мен ақпаратты пайдалануға шектеулерді, сондай-ақ ақпаратты беруден бас тарту негіздерін анықтайды. Оны ратификациялау ТМД елдерінің құзыретті органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттырады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі