Алматы тауында қар көшкіні жүріп, Франция азаматы қаза тапты

Сурет: Алматы облысы ТЖ қызметі
Оқиға орнында алты адам болған. Оның бесеуі Франция, біреуі Қазақстан азаматы. Зардап шеккен бір шетелдік құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті түсіндіргендей, алты адам тау бөктерінде жүріп, қар көшкініне себеп болған. Бір Франция азаматының иығы мен жамбас сүйегі жарақаттанды.

Оқиға орнында 6 адам болған. Оның төртеуі зардап шеккен жоқ. Бір адам жарақаттанды және тағы бір адам көз жұмды. Құтқарушылар жедел-тергеу тобын күтіп жатыр.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

13 сәуір күні Молодежный шыңы аймағында қар көшкіні құлады. Қар көшкіні астында екі адам қалғаны хабарланған еді. Кейін көшкін астында қалуы мүмкін деген бір адамның табылғаны туралы хабар болды. Табылған адам есін біледі.

Одан соң Алматы тауларындағы қар көшкінінен кейін іздестіріліп жатқан екінші адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі

Мемлекеттік қызметші тұрғын үй кезегіне сот арқылы қайта тұрды