Депутат Бірлік күні туралы: Халқымыздың ынтымағын түйсінудің тамаша мүмкіндігі

1 мамырда Қазақстан халқы Бірлік күнін атап өтеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев отандастарды осы айтулы мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 мамырда Қазақстан жарқын да ізгі мейрамдардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл - достық, түсіністік, келісім мерекесі. Бұл мереке біздің еліміздің басты жетістігі әрі стратегиялық артықшылығын - ортақ тарихи тағдыр мен ортақ болашаққа негізделген мызғымас азаматтық патриотизм мен этносаралық келісімді білдіреді. Вакиль Набиев

Депутаттың айтуынша, барлық қазақстандықтар үшін бұл мереке бір шаңырақ астындағы бейбітшілік пен келісімнің ерекше мәніне толы.

Ол жыл сайын бұл күні дәстүрлі түрде мерекелік іс-шаралар, отандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі, ұлттық тағамдар конкурсы, спорттық іс-шаралар және балаларға арналған сурет конкурстары өтетінін атап өтті. Алаңда этномәдени орталықтардың шатырлары тігілген. Онда біздің елімізде тұратын түрлі этностардың тарихы мен дәстүрлерімен танысуға болады.

Қазақстан халқының бірлігі күні - біздің үйде бейбітшілік пен келісімді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түйсінудің тамаша мүмкіндігі. Сіздерді ең ізгі және жарқын мерекелердің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, әрбір үйге амандық, табыс және сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасына гүлденуді тілеймін! Вакиль Набиев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: