Полицейлер ретінде таныстырған: гастролерлер азаматтардың атынан несие рәсімдеген

10 Гастролерлер өздерін полицейлер ретінде таныстырып, азаматтардың атынан несие ресімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 наурызда Қарағанды облысының Саран қаласының полиция бөліміне 60 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті.

Оның белгісіз тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғандығы анықталды. Жәбірленуші көшеде келе жатқанда оған белгісіз екі тұлға келіп, өзін полиция қызметкерлері деп таныстырған.

Тексеріп жүрміз деген сылтауымен олар ер адамның жеке куәлігін суретке түсіріп, қайтадан қолына берген. Бірнеше күннен кейін өтініш берушіге қаржы мекемелерінен оның атына 3 млн 924 мың теңгеге төрт кредит рәсімделгені туралы SMS-хабарламалар келіп түскен.

Аталған сомаға Нұр-Сұлтан және Жезқазған дүкендерінен электронды техника сатып алынған. Аталған факті Саран қалалық ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Сонымен қатар, 1 сәуірде Шахтинск қаласының полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Алғашқы жағдайдағыдай, жалған полиция қызметкерлері ер адамнан оның жеке куәлігін алған.

Жәбірленуші банктердің бірінде оның атына 1 млн 995 мың теңге несие рәсімделгенін білгенде дабыл қаққан.

Криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні – Павлодар облысының 25 жастағы тұрғынын және Солтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталғандарға қатысты сот “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жүріп жатыр, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Абиль Абильдин.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: