Ірі несие алмақ болған 20 жасар бойжеткен алаяққа алданып қалды

Сурет: Zakon.kz
Сәуір айының басында Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов ПБ “102” жедел арнасына қаланың 20 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарласқан қыз 10 млн теңге көлемінде несие алмақ болып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс әйел оған 10 млн теңге сомасындағы несиені ресімдеуге көмектесемін деп оның 550 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен 37 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Күдікті әйелден жауап алу барысында ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастағанын айтып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды