Қазақстандықтар жиі ұша алатын тағы бір ел аталды

Сурет: pixabay
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің тоғызыншы отырысы аясында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын арттыру және жаңа бағыттарды ашу бойынша жұмысты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Өзбекстанмен әуе қатынасы рейстер саны бойынша да, шет елдер арасындағы маршруттар саны бойынша да ең қарқындылардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі елдің әуе компаниялары (Эйр Астана, SCAT, Fly Arystan, Uzbekistan Airways) Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан, Ақтөбе және Ташкент, Самарқанд, Наманган, Үргеніш, Нөкіс қалалары арасында аптасына 40 рейс жасайды . ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Анықтамалық ақпарат:

Бұған дейін 13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері екі есеге өсетіні хабарланған болатын. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен қалаларынан орындалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды