Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста – найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауады. Тек оңтүстік-батыс жауын-шашынсыз болады. «Қазгидромет» РМК
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз таулы, тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында дауыл тұрып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Батыста, Атыраудың орталығында, түнде солтүстікте, күндіз оңтүстікте, Ақтөбенің шығысында, күндіз батыста, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысының батысында, шығысында бұршақ, бұрқасын, желдің екпіні 25 м/с болады.
Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20-ке дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады, батыста, солтүстікте, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз дауыл күтіледі, солтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.