Саңырауқұлақтан улану 95% жағдайда оны дұрыс таңдамаудан болады

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті саңырауқұлақты адам өміріне қауіп төнбейтіндей таңдау үшін кеңестер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көктемнің жылы және жаңбырлы күндерінің қарқынды өтуіне орай, саябақтар мен тау бөктерлерінде жабайы саңырауқұлақтарды жинауға әуесқой қала тұрғындары мен қонақтарына саңырауқұлақтарды жинау кезінде өте мұқият болып, тиісті ережелерді сақтау қажет екенін еске салды. Дұрыс таңдалмаған және дұрыс сақталмаған бұл жеміс түрі адам ағзасына қауіпті.

Саңырауқұлақтардан улану 95% жағдайда дұрыс таңдалмаған себебінен болады. Уланудың нәтижесі ботулизм сырқатына алып келуі мүмкін. Бұл сырқат тамақ уланудан болатын ауру. Ботулизм сырқаты консервіленген саңырауқұлақтарды тұтынғанда болуы мүмкін, - делінген Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Сондықтан Департаменттің мамандары үй жағдайында консервілемей, арнайы технологиямен консервіленген саңырауқұлақтарды ғана таңдауға кеңес береді.

Ботулизм – «Clostrdium botulinum» деп аталатын бактериялардың токсиндерінен туындайтын ауыр сырқат. «Clostridium botulinum» - перифериялық жүйкелерге әсер етеді, әдетте жұқтырған тағамдарда пайда болатын жоғары белсенді нейротоксиндерді тұтыну нәтижесінде пайда болады. Ботулизм адамнан адамға берілмейді. «Clostridium botulinum» шығаратын споралар жоғары температураға төзімді келеді және қоршаған ортада кең таралған.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: