Пәкістанда жануарларды аптап ыстықтан қорғау қолға алынды

Сурет: Zakon.kz
Пәкістанның хайуанаттар бағында жануарларды аптап ыстықтан қорғау шаралары қолға алынды. Мысалы, Лахор қаласында аңдарға қосымша салқын үйшіктер жасалып, желдеткіштер орнатылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бөлек салқын сулы орындар ашылып, жейтін тағамдарының қатарына жеміс-жидек көбірек қосылды, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.

Елде соңғы күндері ауа температурасы 40 градустан асып кетті. Синоптиктер ми қайнатар ыстық келесі аптада да сақталады деп отыр.

Әдетте жазда күн ысыған кезде біз парктегі жануарлардың баспаналарына өзгерістер енгіземіз. Олардың асты салқын болу үшін жасыл шөп төсейміз. Және желдеткіш орнатып, кейбір жануарларға мұз кесектер қоямыз. Бұдан бөлек су сепкіштер орнаттық. Киран Салим, Лахор қаласы хайуанаттар паркі директорының орынбасары.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды