Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда тапшылық болмас үшін жем-шөп егу көлемін ұлғайтады

Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев мал азығын сатып алу туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайылов тапшылықты болдырмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығын өндірудің жол картасын қабылдағанын еске салды. Осы орайда ведомство басшысынан Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені шешу үшін қандай шара қолданатынын сұрады.

2022 жылы мал азықтық дақылдардың егіс алқаптары 12,5%-ға кеңейтіледі. Өткен жылы 3,2 миллион гектар болса, биыл 3,6 миллион гектар болады деп күтудеміз. Яғни, аумақты 448,4 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жем-шөп базасын нығайтуға оң әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы басқарма жол картасын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін қосты. Мұнда барлығы 15 шара қарастырылған, оның ішінде егіс алқаптарының, мал шаруашылығы фермаларының құрылымына талдау жасалған.

Қазіргі таңда талдау жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар әр шаруашылықта ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жоспар құрылуда. Шаралар қатарында жайылым айналымын енгізу және сақтау, түбегейлі және үстірт жақсарту арқылы жайылымдар өнімділігін арттыру да бар. Ербол Қарашүкеев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды