Темір, балық аулайтын аулар мен бөтелкелер – сүңгуірлердің Алакөл түбінен тапқандары

Сурет: ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Алакөл көлінің түбінен бірінші күнгі тексеру барысында 90 келі темір, екі балық аулайтын ау, 10 шыны бөтелке тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына Алакөл көлінің түбін зерттеуге үш күн қажет. Қауіпсіздік мақсатында сүңгуірлер 207 демалыс орнын қамтитын 4,1 км бүкіл жағалау сызығының түбін тазартуға кірісті. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар көл түбін тазарту шомылу маусымы басталмай тұрып жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Сүңгу кезінде құтқарушылар жиі жүзушілерге қауіп төндіретін заттарды табады: шыны бөтелкелер, темір торлар, арматура, теңіз қалдықтары. Бірінші жұмыс күнінде барлығы 90 келі темір, екі ау, 10 шыны бөтелке алынды. Сүңгуірлердің жүріп өткен жолы 1,5 шақырымды құрады. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді