Ақтөбелік тұрғын саяжайда есірткі зертханасын ашқан

Сурет: polisia.kz
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жылдам қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, жедел ақпаратты тексеру кезінде саяжай алаптарының бірінде бірқатар қарасора өсімдіктерін өсіру мен өңдеу бойынша жабдықталған есірткі зертханасын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 жастағы саяжай иесі қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан.

Зертхана соңғы техникалық құралдармен жабдықталған. Күдіктінің айтуы бойынша тұқым мен техниканы интернет дүкендерден алған.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тәркіленген зат салмағы 400 грамнан асады. Сараптама тағайындалды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін