Италияға туристер ағыла бастады

Сурет: pixabay
Италияда коронавирус шектеулері алынып, елге туристер ағыла бастады. Қазірдің өзінде Ватиканға кіреберіс алдында күніне ондаған мың саяхатшы кезекте тұрады,деп хабарлайды Zakon.kz.

Музейлерге де сұраныс жоғары. Локдаун кезінде билік тарихи орындарды бірнеше рет жапқан болатын.

Пандемиядан қатты зардап шеккен ел биыл жазда туристер санын індетке дейінгі деңгейге жеткізуді көздеп отыр.

Акилле, Милан провинциясының тұрғыны: - Біз Милан провинциясынан жаяу келдік. Жолға 7 күн кетті. Күн ыстық болды. Көп су іштік.

Бірақ діттеген мақсатымызға жеттік. Бақыттымыз. Енді бізге осы саяхатымыз туралы куәлік беріледі. Сосын үйге қайтамыз.

Ватиканға бірінші рет келіп тұрмын. Бұрын Колизейде болғанмын. Ватикан керемет жер екен. Осында келгеніме өте қуаныштымын. Швецияда қазір күн суық. Ал мұнда керісінше өте ыстық! Себастьян, швециялық турист
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады