ШҚО-да ер адам бір түнде бірнеше ауыл тұрғындарының үйін тонап кетті

Сурет: Zakon.kz
9 мамырда Глубокое ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне ауданның 53 жастағы тұрғыны жүгініп, түнгі сағат екісінде белгісіз ер үйдің кіреберісінің сындырып, оның 86 жастағы анасының үйіне кіріп, қарт ананы ұрып-соғып, үйінен 10 800 теңге ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, сол күні тағы 3 жергілікті тұрғын осындаи отінішпен полиция бөліміне жүгенген.

Жәбірленушілердің бірінің жұмысын, бейтаныс жігіт Береговая көшесінде орналасқан үй есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, онда кіріп, күш қуатын төндіре тұра 4 мың теңге ақша, LENOVO ноутбугін және екі қорап темекі ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге шамамен 100 мың теңге шығарылған. Полиция қызметкері дереу қылмысты ашуға кірген, осылайша жедел-іздестіру іс-шараларының нəтижесіне «ізін суытпай» қылмыскердің жеке басын аңықтап, қаскөйді қолға түсірді.

Аталған қылмыстарға барған Терең ауданның 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары барысында ол кінәсін мойындайды.

Сол түні ұсталған азамат кенттің тағы екі тұрғынының үйіне заңсыз кіріп, үйлердің бірінің тас-талқанын шығарып, 290 мың теңгеден астам шығын келтіреді.

Құдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-ның 191-бабының 3-бөлігі, 149-бабының 3-бөлігі бойынша сотка дейіңгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды