Атыраулық оқушы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: polisia.kz
Атырауда мектеп оқушысы психотроптық заттарды сақтып, тасымлдағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Биылғы жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталып отыр. Оның ішінде 13 ауырлығы орташа, 7 ауыр қылмыс бар.

Кәмелет жасына толмаған оқушы К Telegram интернет-арнасынан жұмыс тәжірибесі жоқ болса да жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екені туралы хабарландыруды тапқан. Курьердің жұмысына психотроптық заттарды жасырын орындарға жеткізу кіретінін біле тұра материалдық тұрғыдан тез баю мақсатын көздеген. Оның аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері ата-аналарға балалардың интернет желісінде отыруын қатаң бақылауды ұсынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған