Алматыдағы зауытта аммиак төгілді: оқиғаға қатысты тергеу басталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматыдағы балмұздақ шығаратын зауытта аммиак ағып кетті. Бұл кезде вахтада 60 адам болған. Мәліметтерді қалалық полиция айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша ЕРДР тіркелді. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствода қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын қосты.

Хабарланғандай, зауыттағы апаттан кейін қызметкерлер шұғыл түрде ғимараттан шығып кеткен.

Бірақ көп ұзамай олардың алтауы өзін нашар сезінгеніне шағымданды. Екеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қалғандары бас айналу, жүрек айну, әлсіздікпен ауруханаға түсті. Үшеуі қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғадан кейін балмұздақ партиясы сараптамаға тапсырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған