Қазақстан сұйытылған газдың шекті бағасын көтеруді жоспарлап отыр

Сурет: freepik
Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республиканың ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 33 600 теңге мөлшерінде бекітіледі. 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге.

Еске салайық, 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында сұйытылған мұнай газының шекті құны қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 28 000 теңге мөлшерінде бекітілген болатын.

Бұйрық жобасы 24 маусымға дейін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда