Жамбыл облысында табиғат тосын мінез танытты

Сурет: pixabay
Жамбыл облысында бұршақ жауып, бірнеше елдімекеннің халқын әбігерге салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының Шу ауданында қатты бұршақ жауып, бірнеше елді мекеннің халқын әбігерге салды. Аппақ мұздақтар жолдар мен егістік алқаптарды басып қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдымен қатты нөсер жаңбыр жауып, оның арты аппақ мұзға айналған. Аймақтағы тұрғындар, әсіресе шаруалар қауымы мұндай бұршақ енді қайталанбаса деп отыр. Өйткені тағы жауатын болса ауылшаруашылығы дақылдарына айтарлық зиян келе ме деп қауіптенеді. Қатты мұздақ бақшада түйіндеген көкөністер мен жемістердің сабағын үзіп қиратып кетуі де мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша Жамбыл облысында алдағы тәуліктерде ауа-райы бұзылып, желдің екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Найзағай ойнап, нөсер жауын болады деген болжам бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты