Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті

Сурет: Zakon.kz
Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9 -ы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уланғандар шаһардағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындарың ішінде 1 жасар сәби де бар. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа деп отыр.

Осы оқиға бойынша қалалық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатты, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Барлығында да қызу болған. 40-қа дейін барған. Іш өту дейміз, сондай сипмтомдары болған. Әлия Бекешева,облыстық санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін