Талдыкөл маңындағы өрт салдарынан елорданы түтін басты

Сурет: Zakon.kz
Елорда іргесіндегі өртті сөндіругі тікұшақ тартылды. Кешеден бері Талдыкөл маңындағы өрт салдарынан қаланы түтін басты. Қазір өрт сөндіру техникаларынан бөлек, авиация тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шығысы жаман қамысты су ішінде өрт шалар" деген осы. Өртеніп жатқан – құрғақ шөп пен қамыс. Сулы батпақты жер болғаннан кейін оны ауыздықтау оңай болмады. Кеше күндіз басталған тілсіз жау ырық бермей, бүгін тікұшақ жұмылдырылды. Ол көктен су шашып жүр, деп жазады qazaqstan.tv.

Елорданың іргесі, қала көрініп тұр. Өрттің шарпыған аумағы – 6,5 гектар. 100-ден астам техника мен өрт сөндірушілер екі күн арпалысқанымен, дала өртін сөндіре алмады.

Тікұшықсыз өртті сөндіру мүмкін болмады. Неге десең, жол жоқ. Таңертең келгеннен бастап 15 рет су түсіру жұмыстары жүргізілді. Бір рет түсіргенде, 3 тонна су түсіріледі. Барлығы 40-45 тоннадай су түсірілді. Өрттің себебін нақты айта алмаймыз, анықталып жатыр. Назарәлі Селімов, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы

Бастысы жасыл белдеуге қауіп жоқ. Құрылыс нысандары да аман. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады