Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Сурет: akorda.kz
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан митрополиттік аймағының этносаралық және конфессияаралық диалогты дамыту, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жолында ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Президент қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі. Қасым-Жомарт Тоқаев Патриарх Кириллдің аталған форумға қатысуы жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде митрополит Александр Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жаңғыруға бағытталған жасампаз реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Қазақстанда инфляция қашан 5%-ға дейін төмендейді: Ұлттық банк болжамы

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Тоқаев ҚТЖ-ны сынға алып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттарын атады