Жүргізуші куәлігін жасауға көмектесемін деп уәде берді – Түркістан облысында алаяқ ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алаяқ Түркістан облысының тұрғынынан жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп, 270 мың теңгеге жуық ақшасын алдап алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындардың бірі Төлеби аудандық ішкі істер бөліміне жүгінген. Айтуынша, бір танысы сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде еткен.

Ол үшін жігіт белгілі бір мөлшерде ақша сұраған. Алайда жәбірленушіден 270 мың теңгеге жуық ақшаны алып, уәдесін орындамаған, ақшаны қайтармаған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша ҚР ҚК-не тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Одан әрі тергеу үшін аудандық бөлімге жеткізілген.

Ер адам алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Анықталғандай ол танысына бәрібір «көмектескісі» келмеген.

Бүгінгі таңда алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін