Ведомствоның баспасөз қызметінде атап өтілгендей, комиссия жеке тұлғалар үшін негізсіз артықшылықтар туғызатын жағдайларды анықтау мақсатында талдау жүргізеді:
Мемлекеттік активтерді жоғары маржамен жекешелендіру және сатып алу.
Экономика салаларында, оның ішінде сатып алу саласында супер пайда алуға мүмкіндік берген бәсекелестікті жою немесе шектеу.
Жер қойнауын пайдалану, ауыр өнеркәсіп, қаржы секторы, құрылыс және экономиканың басқа да салаларындағы жекелеген компаниялардың табыстылығын мемлекет мүдделеріне зиян келтіре отырып, жеңілдікті салық салу, тарифтік саясат түріндегі жеңілдіктер енгізу арқылы арттыру және т.б.
Сонымен қатар, комиссия жұмысының барысы туралы тұрғындарды жедел хабардар ету үшін арнайы сайт құру туралы шешім қабылданды.
Бұл жұмысқа жұртшылықты тарту үшін сайтта арнайы айдар ашу жоспарлануда, ол арқылы әрбір адам хабарлама жібере алады немесе комиссия қызметі туралы ұсыныс жасай алады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Еске салайық, 8 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге заңсыз әкетілген қаражат пен ол жерден алынған активтерді қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырған болатын.
Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық болмыс пен жастар тәрбиесіне әсер ететін билік пен қоғамның ортақ міндеті. Қасым-Жомарт Тоқаев