Боранбаев пен Сатыбалдыұлының істері: миллиардтаған шығын қалай өтеледі

Бас прокуратура ірі көлемде, оның ішінде шетелде ақшаны жылыстату белгілері бар атышулы істерді тергеуді ерекше бақылауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл «РОП» ЖШС операторының басшылары Қайрат Сатыбалдыұлына, Гүлмира Сатыбалдыға, Қайрат Боранбаевқа қатысты істер.

Тергеу органдары қабылдаған шаралармен, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан қайтару арқылы бүгінгі таңда 230 миллиард теңгеге жуық шығын өтелді. Қазақстанның Бас прокуратурасы

Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан іс бойынша айыпталушылар Лихтенштейннен 170 миллион доллардан астам қаражатты өз еркімен қайтарған.

«Қазақтелеком» АҚ, «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ мүлкін ұрлау істері бойынша тергеу органы 36 млрд теңгеге жуық шығынды өтеп берді.

«Оператор-РОП» ісінде шамамен 180 млрд теңгенің ұрлануына жол берілмеді («РОП» ЖШС шотынан «Жасыл Даму» АҚ («Оператор РОП» ЖШС акцияларының 100% иеленетін мемлекеттік ұйым) шоттарына аударылған), оның ішінде 100 млрд-қа жуығы жеңілдетілген автонесиелерге бағытталды.

Боранбаевқа қатысты істі тергеу барысында Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазМұнайГаз» АҚ 11,3 млрд теңгеге жуық шығынды өтеп берді.

Еске салсақ, 13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталған болатын. 17 наурызда Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлады. Агенттік квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2017 жылғы Универсиада нысандарын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Ол 16 наурызда қамауға алынды.

Осылайша, ағымдағы жылдың 5 маусымында Президент Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия құрамына құқық қорғау, арнайы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бірінші басшылары кіреді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: