Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады – синоптиктер болжам жасады

Сурет: pxhere
«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала есептеулер бойынша, тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды қоспағанда, ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады. «Қазгидромет» РМК

Синоптиктер таратқан ақпар бойынша, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанған.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі.

Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалды болмақ.

Қазақстан
Қызылорда
Ақтөбе
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады

Президент жаңа судьяларды тағайындап, кейбірін қызметінен босатты

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен аптап ыстық қатар жүреді – ауа райы болжамы

"Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды