Гитлер таққан қолсағат 1,1 млн долларға сатылды

Сурет: alexautographs.com
«Гитлердің өзі таққан» деп айтылып келген қолсағаты 1,1 млн долларға бағаланып, АҚШ-тың Мэриленд штатында өткен Alexander Historical Auctions аукционында сатылып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Huber маркалы сағатта Гитлердің нацистік белгісі және AH жазуы бедерленген.

Сағаттың аукционда сатылуына байланысты еврейлер де қарап қалған жоқ. Олардың көшбасшы тұлғалары наразылық білдірген. Алайда, неміс БАҚ-тарының жазуынша, тек Гитлердің ғана емес, басқа да нацистік символикасы бар заттарды акуционға шығару – тарихты сақтап қалу деп түсіндірген, деп жазады turkystan.kz.

Гитлер таққан қолсағат 1,1 млн долларға сатылды

Аукционда айтылғандай, бұл қолсағат 1933 жылы Гитлер Германияның канцлері болған кезде сыйлыққа келген. Қолсағат 7 түрлі адамның қолынан өтіп, бірнеше рет сатылымға да шыққан.

Alexander Historical Auctions аталған қолсағатты нақты Гитлер тақты дегенге дәлел келтіре алмаған. Дегенмен тәуелсіз сарапшылар оның Гитлерге тиесілі екенін атаған.

Аукционда қолсағат 2 немесе 4 миллион долларға сатылады деп күтілген. Алайда ондай жомарт жан табылмаған секілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады