Пәкістанда жауыннан шаруалар көп зардап шегіп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Өткен аптада Синд провинциясында нөсерлеткен жаңбырдан 50-ге жуық ауылды су басып, егістік алқаптардың көбісінің тас-талқаны шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пәкістанның оңтүстігіндегі шаруалар маусымдық жауыннан қатты зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24 ».

Өткен аптада Синд провинциясында нөсерлеткен жаңбырдан 50-ге жуық ауылды су басып, егістік алқаптардың көбісінің тас-талқаны шыққан.

Әдетте құрғақшылықтан қиындық көретін жергілікті фермерлер биыл жауын шамадан тыс көп жауғанын айтады.

Пәкістанда жаңбырлы маусым шілде айынан басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Осы мезгілде жаңбыр соңы тасқынға ұласып, ел экономикасына зор шығын әкеледі.

Мен бұл мақтаны отырғызып баптап күткеніме бірнеше ай болып еді. Ал оны егу үшін несие алдым. Жауын мен су тасқынынан егістігім түгелдей бүлініп, енді алған ақшаны қайтару үшін өзге бір жерге барып жалданып жұмыс істеуіме тура келеді.  Саджид Әли, шаруа
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты