Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерге қантты кезексіз және артық берген

Сурет: pixabay
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында қант таратудың қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік пен «Тобыл СПК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдаланып, оны іріктеліп алынған кәсіпкерлерге облыстың тұрақтандыру қорынан 420 теңге/кг жеңілдікпен кезектен тыс және артық беріп отыр. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Бұл үшін департаментте атап өткендей, кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 келіге дейін қант аударған.

Одан әрі іріктеліп алынған кәсіпкерлер жеңілдік алу үшін халыққа қантты белгіленген 10 пайыздың орнына 100 пайыз үстемемен сатты. Тұрақтандыру қоры қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 келі қант табылып, тәркіленді. Тәркіленген қант тұрақтандыру қорына қайтарылды. Антикораның баспасөз қызметі

Агенттік сонымен қатар тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді деп қосты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады