Бостандық ауданының No2 аудандық сотында алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы) бойынша кінәлі деп танылған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы А. 2022 жылдың сәуір айында сауда орталығына келіп, жәбірленушілерге 17 қап қантты арзан бағамен сатып алуды, содан кейін оларға сатып алушыларды тауып, сатуды ұсынған.
Сотталушының пайдакүнемдік ниетінен бейхабар жәбірленушілер бұл ұсыныспен келісіп, ақшаны алаяқтың есепшотына аударған. Ақшаны алып, сотталушы қылмыс орнынан бой тасалап, телефонын өшіріп, қылмыстық жолмен алынған ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 235 мың теңге материалдық залал келтірген. Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Бұл қылмыс үшін Қылмыстық кодексте үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Сотта прокурор айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінді.
Сот үкімімен А., алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау орнату арқылы 3,6 жылға бас бостандығын шектеу, сондай-ақ 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Сот жаза тағайындау кезінде кінәні мойындау, өкіну, асырауында кәмелетке толмаған баланың болуы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді.
Үкім заңды күшіне енді.