Мысырдың Гиза қаласында алапат өрт құрбандарының саны 41-ге жетті

Сурет: Zakon.kz
Мысырдың Гиза қаласында алапат өрт құрбандарының саны 41-ге жетті. Қаза тапқандардың ішінде 3 жастан 16-ға дейінгі 18 бала бар. Тағы 45 адам жараланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Имбада ауданындағы Копт христиандарының шіркеуіне 5 мың адам өсиет тыңдауға жиналғанда электр генераторы лап ете қалып, жарылған және шығатын есікті от бөгеген. Осы кезде мінәжат етушілер жанталаса сыртқа ұмтылғанда аяқ астында талай адам қалып қойды.

Президент Әбдел Фаттах әс-Сиси қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, армияға шіркеуді қалпына келтіруге бұйрық берді. Ал, прокуратура өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына топ жіберген, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Копт христиандары Египеттің 103 миллион халқының кем дегенде 10 миллионын құрайды. Олар кемсітушілікке ұшырап, Мысырдың қоғамдық өмірінде аз рөл ойнатындарына жиі шағымданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды