Ядролық қауіп: 42 ел Ресейді ЗАЭС-тен әскерін әкетуге шақырды

Сурет: pixabay
Әлемнің 42 мемлекеті, солардың ішінде Еуропа одағы, Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін дереу әкетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың мәлімдеуінше, ядролық нысанда армия мен қарудың шоғырлануы қауіпсіздік принциптерін бұзады. Және де мұндай жағдай станция операторы мен Украина үкіметіне атомдық және радиациялық сақтықты қамтамасыз ету міндеттемелерін орындауға кедергі жасап отыр. Мәлімдемеге Еуропа одағымен бірге Ұлыбритания, Австралия, Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа елдердің өкілдері қол қойды.

Украина армиясы болса, Днепр өзенінің үстінен өтетін үш көпірдің барлығын қиратты. Сондықтан, өзеннің оңтүстігіндегі Херсонды басып алған Ресей қарулы күштері құрал-жабдықпен қамтамасыз мүмкіндігінен айрылып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Херсон облыстық кеңесінің дерегінше, осыған байланысты ресейлік әскери қолбасшылардың көбі аймақты тастап кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті