Білім министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жол қозғалысы ережелерін оқуды білім беру бағдарламасына міндетті түрде енгізу, бұл жұмысқа жұмыс істеп тұрған инспекторларды тарту мәселесін қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов
Жиында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында жолдарда балалардың жарақат алуын азайтуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу жоспарланып отырғанын қосты. Барлық өңірлерде жол белгілерінің, таңбалардың болуы, бағдаршамдардың жұмысқа жарамдылығы тексерілетін болады. Сондай-ақ мектеп автобустарының балаларды тасымалдауға рұқсаты тексерілетін болады.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, мектептерде өрт, жер сілкінісі, лаңкестік әрекеттер – осы жағдайларда қалай әрекет ету керектігі жөнінде арнайы сабақтар өткіземіз. Сонымен қатар, полиция қызметінің басшылары мектептерде қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша сабақтарды ұйымдастырады. Марат Ахметжанов
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің басшысы қазақстандық мектептерде қандай заңбұзушылықтар анықталғанын айтқан болатын.