Елордада 500-ге жуық көлікті заңсыз тіркегендер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
500-ге жуық шетелдік көлікті заңсыз тіркеп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай күдікпен елордадағы №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы және Алматы облысы бойынша Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы ұсталды.

Олар жүйелі түрде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген темір тұлпарларды тіркеген.

Және ол үшін бюджетке түсуі тиіс төлемдер түспеген.

Екеуі де бұл «қызметі» үшін қомақты ақшалай сыйақы алып келген.

Тиісті тергеу-тексеру амалдары басталды.

Бұл іске қатысы бар болуы мүмкін қызметкерлер әлі де тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады