Жетісу облысында жыл басынан бері 220 интернет алаяқтық дерегі тіркелді

Сурет: unsplash
Олардың 125-і әлі ашылған жоқ. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сақ болып, күмәнді қоңырау мен хабарламаларға алданып қалмау үшін ақпаратты ресми органдардан нақтылауды ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таяуда ғана өздерін полиция департаментінің өкіліміз деп таныстырған белгісіз біреулер 53 жастағы азаматты несие алуға мәжбүрлеп, 2,7 млн теңгеге сан соқтырған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы өңір тұрғынына жалған қызметтік куәліктер мен тергелген іс құжаттарының суреттерін жіберу арқылы сендірген.

Алаяқтар жәбірленушіні өз сөздерінің дұрыстығына сендіріп, оны банктен үлкен несие алуға және олар көрсеткен шотқа жіберуге мәжбүр етті. Қазіргі таңда біз ақшаны қайда жібергенін анықтап, басқа қажетті жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қарастырылған қылмыстық іс тіркелді. Руслан Шарапиев, Жетісу облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі