Мүлік салығын төлемегендерге 4 қазаннан бастап айыппұл салынады

Сурет: freepik
Демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 қазаннан 3 қазанға ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет өкілдерінің айтуынша, Салық кодексінің ережесіне сәйкес, салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды