Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

Сурет: Zakon.kz
"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелерін өткізді.

Журналистер тарапынан ұлы Марат пен Дидардың жемқорлық ісі бойынша айыпталушы болуы оның сайлауда жеңіске жетуіне кедергі келтірмей ме деген мазмұнда қойылған сауалына Жигули Дайрабаев олар кәмелетке толғанын айтты.

Ол менің ұлдарымның ісі, олар енді кішкентай бала емес, әрқайсысының жеке шаруашылығы бар. Бірі егін шаруашылығымен айналысса, екіншісі құлпынай егіп, сатумен айналысады. Міне, жағдай омындай. Ал құқық қорғау және сот органдарына келсек, олардың жұмысына араласа алмаймыз. Не боларын уақыт көрсетеді. Жигули Дайрабаев

Кандидат патриот екенін және егер ол мемлекет басшысы болып сайланса, реформалар жүргізіп, оның ішінде аграрлық секторда, ауыл инфрақұрылымына және ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды