Алматыда гашиштің аса ірі партиясы тәркіленді

Сурет: policia.kz
Алматы шаһарында психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сатумен айналысқан 31 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚПК-нің 128-бабымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сатуына сәйкес 31 жастағы Т.есімді азамат ұсталды.

Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Оның көлігінен рұқсат етілген тінту барысында өсімдік заты мен ерекше иісі бар бума табылды және тәркіленді. Кейін сараптама анықтағандай, бұл зат аса ірі мөлшердегі есірткі – гашиш болып шықты, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жедел уәкілдер есірткіні қамтамасыз ету арнасын анықтап, жоюы керек, деп жазады Polisia.kz.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады