Gazeta.ru сайтының хабарлауынша, Кемеровоның Орталық аудандық соты 7 қазанда Вячеслав Вишневскийді рұқсатсыз және өртке қарсы жүйені қамтитын бастапқы жобаға қайшы сауда орталығын қайта құру үшін 7 миллион рубль пара бергені үшін кінәлі деп таныды.
Вишневский қатаң режимдегі колонияда сегіз жылға бас бостандығынан айырылды және 21 миллион рубль айыппұл төледі.
«Зимняя вишня» сауда орталығында қайғылы оқиға 2018 жылдың 25 наурызында болған. Өрт бірнеше кинотеатр және аттракциондары бар балалар ойын алаңдары орналасқан жоғарғы қабатта болды. Өрттің құрбандары 60 адам, көбі балалар.