Екі алаяқ Қарағанды тұрғынынан 1,3 млн теңге алдап алған

Екі алаяқ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып Қарағанды тұрғынынан 1 млн теңгеден астап ақша алдап алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші белгісіз алаяқтың 1 млн 350 мың теңге мөлшерінде алдап ақша алғанын айтты.

Жәбірленушіге өзін белгілі бір банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып хабарласқаны анықталды. Жәбірленушінің атынан белгісіз біреу несие рәсімдемек болғанын айтқан, деп жазады, деп жазады Polisia.kz.

Алаяқтарды анықтау үшін өз кезегінде кейіннен қайтарылатын несиені алу қажеттігін айтқан. Кейін банк менеджері ретінде әйел ақшаны қай қаржы мекемесінен алып, қай есепшотқа аудару керектігін түсіндірді.

Алаяқтардың арбауына түскен жәбірленуші 1 млн 350 мың теңге несие алып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған қызметкердің кеңесімен ақшаны белгісіз біреуге жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 18 жастағы қыз бен 21 жастағы досы болған. Олар өз кінәсін мойындады.

Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: