Бақтылы Боранбаеваның жаңа кітабы жарыққа шықты

Өткен аптада Орал қаласындағы Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаеваның «Капустин Яр» әскери полигоны: Қазақ депортациясы» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ғалымдар кітапханада» жобасы аясында іс-шараны М. Өтемісов атындағы БҚУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабек Жақсығалиев жүргізді.

Оқырманға жол тартқан жаңа кітаптың лентасын тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Тасмағамбетов, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Сдыков, БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Ә. Габбас және Орал қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының БҚО филиалының төрағасы, М. Әнесов кесіп, кітап туралы жылы лебіздерін білдірді. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Әбжанов пен тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры М.Каримов тікелей эфир арқылы кітаптың құндылығын атап өтті.

Сурет: Zakon.kz

«Капустин Яр» әскери полигоны: Қазақ депортациясы» кітабында бейбіт күнде атамекені әскери сынақ алаңына айналып, елінен еріксіз қуылған халықтың қайғы-қасіреті жазылған.

Монографияның авторы Бақтылы Сансызбайқызы кітаптың шығуына атсалысып, қолдау көрсеткен жандарға ризашылығын білдіріп, кітапханаға жаңа кітаптарын сыйлады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: