Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Сурет: Facebook/Karakat Abden
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы, сондай-ақ Қарақат Әбденнің президенттікке кандидат болып тіркелуіне кедергі келтіретін ауруының жоқтығы туралы медициналық қорытынды ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдап жиналған қолдарды тексеру нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды. Еліміздің 15 өңірінде 121 314 қол жиналып, 120 158-і тексерілді, оның 118 418 қолы шынайы деп танылды. ҚР ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов

Қарақат Әбденді президенттікке кандидат ретінде Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсынды.

Қарақат Әбденнің мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін анықтау бойынша ОСК лингвистикалық комиссиясының отырысы 10 қазанда өтті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарақат Әбденге Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың куәлігін табыс етті.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі