Күндізгі саудада доллар құлдырады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,84 теңгеге төмендеп, 468,27 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,61 теңгеге (+0,01) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,58 теңгені (-0,42) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 461,53 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 471-474,5 теңге, еуро 459-464 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 20 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,88%-ға өсіп, барреліне 93,22 долларды құрады.

Желтоқсан WTI фьючерстері 1,4%-ға өсіп, барреліне 85,7 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді