Қостанай тұрғыны жуынатын бөлмесінен жылан тауып алды

Суре:. pixabay
Қостанайда 20 қазан күні «102» пультіне жергілікті тұрғын хабарласып, ванна бөлмесінен жылан тауып алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарлағандай, оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Иментаев пен оның серіктесі Серік Малғаждар келді.

Өтінішті қабылдап, біз мекенжайға жетіп, шынымен де ұзындығы 20-25 см жылан таптық, оның қайдан келгенін қазір анықтап жатырмыз. Асқар Иментаев

Ол жыланды біреудің үй жануары деп болжайды.

Қазіргі уақытта иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері де жетті. Асқар Иментаев

Ұсталған жылан, мамандардың айтуынша, сарыбас жылан тұқымына ұқсас қарапайым жылан.

Полицейлер жыланды қала сыртына алып шығып, табиғи ортасына жіберді.

Қазан-қараша айларында жыландар жердегі әртүрлі тесіктер мен жарықтарға жорғалап кіріп, сол жерде қыстайды.

Бұған дейін герпетолог, ШЖҚ РМК Зоология институтының ғылыми қызметкері Юлия Зима Алматыда қандай улы жыландар кездесетінін және шаққанда не істеу керектігін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады