Биыл кәсіпорындарда мыңға жуық адам зардап шеккен

Сурет: Zakon.kz
Биыл еліміздің кәсіпорындарында мыңға жуық адам зардап шеккен. Олардың ішінде 134 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері құқық қорғау орындарына осындай жазатайым оқиғалар туралы 744 материал түсіп, 118 қылмыстық іс қозғалған. Еңбек қауіпсіздігіне бей-жай қараған 109 лауазымды қызметкер жұмысынан босатылған. Бұл жайында Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шеккен жұмысшылардың көпшілігі тау-кен металлургия саласында еңбек еткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар қазір жалақыны уақытылы төлемеу жағдайлары Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жиілеген.

Жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде жұмыс берушінің жалақы төлеу туралы нұсқамасы атқарушы құжаттың міндетті күшіне ие болды. Осылайша нұсқаманың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін ол жеке сот орындаушыларға мәжбүрлеп орындалуы үшін жіберіледі. Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты