Салмағы 28 келі болатын зергерлік бұйымдарды Түркиядан заңсыз әкелгендер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Астананың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған ер адам ұсталды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу ережелеріне қайшы.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған зергерлік бұйымдардың жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты.Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

14 қазан күні Алматы әуежайында контрабандалық жолмен әкелінген бірнеше iPhone 14 тәркіленді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды